Шымкенттік ұстаз Арман Орынбеков 2019 жылдың үздік педагогі атанды

Елордада еліміздің үздік педагогтары марапатталды. Білім және ғылым министрінің қолынан 64 мұғалім алғыс хат алды. Олардың 48-і бастауыш және орта білім беруде еңбек етіп жүргендер,- деп хабарлайды Ұлттық арна.

Биыл «Үздік педагог» атану үшін 4 мыңға жуық ұстаз өтініш білдірген екен. Байқауға қатысушылар конкурстың аудандық, облыстық, республикалық деңгейінен өткен. Ал жеңімпаздардың әрқайсысына 2,5 миллион теңгелік сертификат табысталды. Жалпы, 8 жылда осы байқауға 35 мыңнан астам маман қатысқан екен. Бүгінде республикада 500-дей үздік педагог бар.

Арман Орынбеков, Шымкент қаласы №90 жалпы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі:

Бүгінгі, мына беріліп отырған мараптқа үлкен алғыс айтамыз. Бұл да ұстаздарды ынталандыру деп білемін. Жалпы мынау 23 жылдық ұстаздық еңбегімнің ішіндегі, әрине бұл бірінші кезекте, менің ұстаздарымның жемісі. Екінші кезекте, шәкірттерімнің жеткен жетістігінің нәтижесі деп ойлаймын.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *