«Халық жаңа көлік алғысы келеді» АҚШ президенті автомобиль бағасын арзандатуды тапсырды

Автокөліктердің бағасы тым қымбат. Ескі көліктер қоршаған ортаны ластап жатыр. Ал зауыттан енді шығып жатқан көліктер сапасыз. Бұл туралы АҚШ Президенті Дональд Трамп Ақ үйде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

– Қазір көліктердің бағасы тым қымбат. Шарықтап кетті. Біз бағаны 3,5 мың долларға арзандатуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ ескі автомобильдерді қолданыстан біртіндеп шығарып тастау керек. Халық жаңа көлік алғысы келеді. Бұл бір жағынан экологияға тиетін зиян мөлшерін азайтады, – дейді АҚШ Президенті.

Оның айтуынша, Калифорниядан шығатын көліктер тым қарапайым жасалады. Бейнебір ойыншықтар секілді. Мұндай көліктер соқтығысып немесе аударылып қалса, быт-шыт болады. Бұл ішіндегі адамға аса қауіпті.

– Таяу арада автокөлік шығару саласына қойылатын жаңа стандартты жариялаймыз, – деді Дональд Трамп.

Автор:Тасқын Болатұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *