ӨРКЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫНДА ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН ШАҺАР

Түркістанда «2024-жыл Түркістан – түркі елдерінің туризм астанасы» атануына орай Туризм және меймандостық университеті мен Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Түркістан — көне мен келешек көпірі» пресс-туры өтті.

Аталған шараға келген журналистер көне шаһардың жаңа құрылыс нысандарымен танысып, Туризм университетінің тыныс-тіршілігін көріп қайтты.

БАҚ өкілдері алдымен Отырар мөлтек ауданындағы   5 қабатты 20 үйдің және мәдениет сарайының құрылысымен танысты. 800 пәтерлі 5 қабатты 20 тұрғын үй (56,4 мың ш.м.) құрылысы облигация есебінен (кредиттік тұрғын үй) басталған. Пәтерлерді нарық бағасынан төмен, яғни шаршы метрі  220 мың теңгеден несиеге ұсыну жоспарланып отыр. Ал аумағы 1,13 гектарды құрайтын 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы 2023 жылы басталды. Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары келер жыл ішінде аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Бүгінде облыс орталығында 61 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның сегізі әлеуметтік нысан. 3 саябақ, 5 қабатты 20 тұрғын үй. Одан өзге 30 нысанда инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы қызу жүріп жатыр. Бұдан бөлек облыс орталығында 5 спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласы. Түркістан қаласында 2023 жылы 25,8 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. 2020 жылы бұл көрсеткіш 15,8 млрд.тг құрайтын.  Соңғы 4 жылда 61 пайызға артқан.

БАҚ өкілдері облыс орталығындағы «Asia Brend» жиһаз өндіретін фабрикаға ат басын бұрды. Жұмысымен танысты. 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын жылына 22 мың жиһаз жасап шығаруда. Отандық өнім Түркістанда ғана емес, Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда және Тараз қалаларында сатылымда. Сонымен қатар, Ресей мен Қырғызстанға экспортталуда.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *