ТҮРКІСТАН ТҮЛЕП КЕЛЕДІ

Түркістан – ұлттық рухымыздың жаршысы, мемлекеттілігіміздің сақталып қалуына үлес қосқан қасиетті шаһар. Киелі қала облыс орталығы ретінде дамудың жаңа сатысына қадам басты.

Бүгінгі таңда облыс орталығында 61 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі- Жастар орталығы. Нысан- стрит-воркаут алаңы, амфитеатр, электронды кітапхана бөлмесі, үйірмелерге арналған бөлмелермен, шағын спортзал және көпфункционалды залдармен ерекшеледі.

Түркістан қаласында қолөнер бұйымдарын жасау – ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан үрдіс.  Бүгінде  «Turkistan Qol oner» одағы қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Құрамында 115 адам бар.  Оған Түркістан қаласының балалар қолөнер мектебін қосыңыз.  Мектепте 475 оқушы өз өнерін шыңдап, ата дәстүрді игеруде. Түркістан қаласында қолөнершілерді қолдау мақсатында тұрақты түрде қолөнершілер көрмелері, сайыстар, іс-шаралар ұдайы ұйымдастырылып келеді.

Туризм және меймандостық университеті мен Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Түркістан — көне мен келешек көпірі» атты пресс-тур барысында  БАҚ өкілдері Халықаралық туризм және меймандостық университетінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің құрылғанына биыл 5 жыл. Оқу орны бес жылда біраз белесті бағындырып отыр. Бүгінде университет Түркия, Франция, Польша, Словакия, Таиланд, Малайзия оқу орындарын қоса алғанда, 31 шетелдік жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы келісімге ие. Яғни, білім алушы жоғарыда аталған мемлекеттерде арнайы тағылымдамадан өтіп, өндірістік тәжірибе жинай алады.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков БАҚ өкілдерімен кездесіп, қаланың даму жоспарымен бөлісті. Сауалдарға жауап беріп, ашық сұхбат құрды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *