1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай байдарка мен каноэде есуден Л.Тәжиева атындағы № 4 спорт мектебінің ашық біріншілігі ұйымдастырылды. Жарыста 2010-2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер бақ сынады. Жалпы 70 жас спортшы қатысуға өтініш берген.
Іс-шараның ашылу рәсімінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков, әлем чемпионы Біржан Жақыпов, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл жасөспірімдерді бүгінгі мерекемен құттықтап, жарыста сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған байдаркашы Сергей Емельянов та жас спортшыларға демеу беріп, болашақ жеңімпаздарға қолдау көрсетті.
Саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен сайыс Дендросаябақта алғаш рет өткізілуде. Басқарма басшысы байдарка және каноэде есу спортын осы аумақта да дамыту жоспарда бар екенін атап өтті. Бұл спорт түрі қалада қарқынды дамып келеді.
Ашық біріншілікте 200 және 500 метрден тұратын (ұлдар, қыздар) 6 санаты бойынша жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы ұйымдастырушылар атынан диплом табысталды.
Ескек есу спорты шыдамдылықты, төзімділікті қажет етеді. Сайысқа 150 және 200 метр қашықтықтарда 2010, 2011 және 2012 жылғы 70-ке жуық спортшы қатысты.
Біріншілік қаладағы дендрологиялық саябақта алғаш рет өткізілуде. Алдағы уақытта байдарка және каноэде есу спортын осы аумақта да дамыту жоспарда бар. Жалпы, Шымкентте спорттың бұл түрі қарқынды дамып келеді.
Айта кетейік, биылғы Париж Олимпиадасына аталған спорт түрінен қаладан 3 спортшы (Сергей Токарницкий, Сергей Емельянов, Руфина Искакова) жолдама алды. Жерлестеріміз Париж Олимпиадасында ел намысын қорғайтын болады.