Шымкентте “Бір күндік клиника” – атты бірегей жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Bozyq.kz. .
Шаһарда алғаш рет қолға алынған оқыту-әдістемелік орталықтың ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова қатысты.
Бір күндік клиника – бір жерде, бір күнде перинаталдық диагностиканын барлық тексерулерінің жиынтығын өткізіп, нәтижелерін жылдам және нақты алуға мүмкіндік береді. Барлық диагностикалық процедуралар мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен тегін жүргізіледі.
«Бағдарлама балалардағы ең маңызды ауруларды (диарея, пневмония, тамақтанудың бұзылуы, анемия, төмен салмақ, тамақ-құлақ проблемалары) біріктіре, ықпалдастыра отырып емдеу, тез әрекет ету, сондай-ақ, балаға қауіпсіз даму ортасын қалыптастыру, иммундау және күтім жасау нұсқамаларын қамтиды. Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра басқару өлім, ауру және мүгедектік жағдайларын азайту және бес жасқа дейінгі балалардың өсуі мен дамуын жақсартуға ықпал етеді. Ана мен баланың денсаулығын қорғауға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Денсаулық сақтау министрлігінің кешенді жоспары жүзеге асырылатын болады. Оқыту нәтижесіне мониторинг жасалады», — дейді аурухананың бас дәрігері Динара Жұмаділова.
Айта кетейік, бала денсаулығына арналған орталық мынадай көмек көрсетеді.
1) дені сау баланы тууына болашақ анаға және оның отбасы мүшелеріне консультациялар беру, оқыту, қолдау көрсету және дайындау.
2) отбасында тиісті күтімді қамтамасыз ету арқылы зияткерлік әлеуетті толығымен іске асыруды одан әрі дамытуға, бала денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған 5 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық патронажды бақылау.
3) медицина қызметкерлерінің дағдылары мен білімдерін жақсарту, сонымен қатар ата-аналар мен 5 жасқа дейінгі балаларға тікелей күтім жасайтын өзге адамдарды оқыту үшін балаларға бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдастыру.