ТАЗАЛАНҒАН ШАЙЫНДЫ СУДЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ҚОЛДАНЫСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Тазаланған шайынды судың ауылшаруашылығы саласында қолданысы артып келеді. 1000 гектардан астам жер суғарылуда. 16 шаруа қожалығы төрт түлікке жем-шөбін егіп, өсіруде. Смайыл Серікбаев су құбырлары қазылып, таран-таражға түсу салдарынан су жүйесі бұзылғанын айтады. Ерте көктемнен бастап, қайта қалыпына келтіруге ат салысып, суды игілігіне пайдаланып отырған дихандардың бірі.

«Қазіргі таңда Бөржар ауылдық округінің аумағында 800 гектар жер суғарылып жатыр. Шұбарсу ауыл округінде 200 гектар жер суғарылы жатыр. Құдайға шүкір, су арнасына рахмет. Анарбек Орман мырзаға рахмет. Халықққа жағдай жасалсын деп, суды тегін беріп жатыр. Бірақ біз суды шаруа қожалықтарына жеткізуге қолға алдық. Еркін Арысбаев міндетіне алды»,-дейі  Смайыл Серікбаев.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің кәріз-тазарту қондырғысына тәулігіне 150 мың текше метр шайынды су қабылданады. Тазартылған су Бөржар жинақтаушысына жиналады. Тіршілік көзі егін маусымында шаруқожалықтарына жіберіледі.

«Бөржар жинақтаушысының жобалық сиымдылығы 26 млн текшеметр. Жыл көлемінде 37 млн текшеметр су жинақтаймыз, өткіземіз. Біз ауылшаруашылық егіндерге шамамен 25-26 млн текшеметр су жеткізіп береміз. 7 ай егін уақытында сәуір айынан бастап, қыркүйекке дейін суды босатамыз», дейді Бөржар су жинақтаушы инженері Рүстембек Бекмұратов.

Мегаполисте жұмыс істеп тұрған кәріз-тазарту қондырғысын қуатын арттыру жөніндегі жобаны іске асыру аяқталды. Тәулігіне 150 мың текше метр шайынды су тазартатын кешеннің қуаты 200 мыңға дейін өсті. Алдағы уақытта тазартылған шайынды су көлемі артады. Бұл өз кезегінде дихандардың алқабын кеңейтуге ықпал етеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *