ШЫМКЕНТ: 800-ДЕН АСТАМ АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2024 жылдың басынан бастап Отбасының цифрлық картасының көмегімен 807 азамат SMS-ке келісім беру арқылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлем алу құқығын пайдаланды. Оның ішінде 775 адам жұмысынан айырылуы және 32 адам бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлем алды.

Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілді мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқылы екенін жеткізіп отыратын «электрондық жаршы» қызметін атқарады.

Қазіргі уақытта ОЦК әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдердің мынадай 3 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді: еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер.

Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. SMS алған азамат оған келісімі жөнінде жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік төлемді тағайындау кейін алушының банктік шотына ақша қаражатын аудара отырып, автоматты режимде жүргізілетін болады.

Төлем алушының ұялы телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелген жағдайда, әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша қызметтерді проактивті форматта көрсетуге болады, оны egov.kz порталы арқылы жасауға болады.

2023 жылы ОЦК көмегімен 17 270 азаматқа МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдер тағайындалды.

Жалпы, өткен жылы шамамен 1,3 млн қазақстандық МӘСҚ-тен 750,7 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлем алды.

Айта кетейік, Отбасының цифрлық картасы – азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін айқындауға және оларға проактив форматта кепілдік берілген мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе. Ол әртүрлі мемлекеттік органнан алынған мәліметтерді жинақтайды.

«Мәселен, бір жасқа толмаған баласы бар отбасы бала тууы бойынша берілетін жәрдемақы алуға құқылы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *