ТҮРКІСТАНДЫҚ ШАРУАЛАР АҒЫН СУ ЖЕТКІЛІКТІ БОЛҒАНЫН АЙТАДЫ

Түркістан облысының шаруалары  жаз айларында  ағын судан қиналатын. Биыл көңіл-күйі көтеріңкі. Жылда суару маусымында тіршілік нәрінен тарығатын шаруалар биыл ағын су жеткілікті болғанын айтады.

Шардара су қоймасынан Қызылқұм каналы арқылы 682 млн текше метр су жіберілген. Қазір қоймада 2,6 млрд текше метр су бар. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 600 млн текше метрге артық. Егіншілердің сұранысы бойынша қазір егіс алқаптарына секундына 115 текше метр су жіберіліп жатыр.

Түркістан облысында 552 мың гектар суармалы жер бар. Биылғы жылы егіс алқаптарын 3 млрд 287 млн текше метр сумен қамту көзделген болса, бүгінге дейін соның 1 млрд 600 млн текше метрі шаруаларға жеткізілген.

«Өткен жылмен салыстырсақ, Достық каналынан 70-80 текше метр су келсе, бүгінгі таңда 96 текше метр су Достық каналынан келіп жатыр. БХМК каналдарынан Сарыағаш, Келес аудандарына өткен жылы 72 куб келсе, бүгінгі таңда 85 куб су келіп отыр. Бұдан бөлек, 500 шақырым артам каналдар механикалық тазалаудан өтті»,- дейді «Қазсушар» республикалық МКМ Түркістан филиалы директорының орынбасары Жандар Бахашбаев.

Бұған дейін мемлекетаралық «Достық» каналы арқылы Өзбекстаннан Қазақстанға 922 млн текше метр су жіберу туралы келісім жасалған болатын. Жалпы суару кезеңі басталғалы бері Өзбекстаннан елімізге 3,9 млрд текше метр су келген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *