ТҮРКІСТАН: ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДА 200-ГЕ ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛГЕН

Бұл туралы брифингте ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әсет Төребаев мәлімдеді.

Спикердің сөзінше, департамент тарапынан 2024 жылдың І-жартыжылдығында 198 тексеру іс-шарасы жүргізілген. Оның ішінде 197 жағдайда заң бұзушылықтар анықталып, айыппұлдардың жалпы соммасы 15 301 494 тенгені құраған. Одан бөлек, бақылау субъектілеріне бармай 260 профилактикалық бақылау жүргізіліп, барлығында бұзушылықтар анықталып нұсқама берілген. Сондай-ақ, техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді сатуға тыйым салу туралы 6 қаулы шығарылған. Басқа мемлекеттік органдармен 49 бірлескен тексерулер жүргізіліп, 19 нысанға 8 831 264 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, бағалы металлдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатушыларға 67 профилактикалық бақылау жүргізілген.

Айта кетсек, облыстағы сауда орындарында жүргізілген профилактикалық бақылау барысында 35 сауда базарының 4-і метрологиялық тексеруден өткізіліп, қалған 31 субъектіге бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар жіберілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *