ДОСБОЛ ЕСІЛБЕК: ТАБИҒИ ГАЗБЕН ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУҒА БАРЫНША КӨҢІЛ БӨЛІНІП, ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізуде.  Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек мәлімдеді.

Еңбекші ауданында  халық тығыз шоғырланған  29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Қазіргі таңда ауыз сумен қамту көрсеткіші 97%-ды құрайды. 2024 жылы Жастар көшесі мен «Қазығұрт» станция аумағындағы 102 абонентті және Оңтүстік-Жаңақұрылыстағы 989 абонентті сапалы ауыз сумен қамту мақсатында ЖСҚ әзірлеу жоспарланған.

Ал электр жарығы бойынша аудандағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың электр жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік 98,6%, жекеменшік жүйе 1,2%, ал, қамтылмаған 0,2% (жаңақұрылыс учаскелері) құраған.

«2023 жылы Исфиджаб, Достық (1356 абонент) тұрғын алаптардағы жеке меншік жүйедегі электр желісің ауыстыру үшін «DIAS Проект» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Одан бөлек, ОЖТ тарапынан 9 трансформатор ауыстырылып, 16,7 шақырым желі жаңартылды»-деді Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек.

ТАБИҒИ ГАЗБЕН ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУҒА БАРЫНША КӨҢІЛ БӨЛІНІП, ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

Еңбекші ауданында табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 90,7% құрайды.

Оның ішінде: мемлекеттік жүйеде 73%, жекеменшік жүйедегі 17,7%-ды құрайды. Қамтылмаған 9,3%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілген.

Ал кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 41%-ды құрайды.

Аудан аумағында «Ұлағат» шағынауданында кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, Қазіргі таңда құрылыстың сапасыз атқарылуына байланысты тапсырыс беруші экономикалық тергеу департаментіне тексеру жүргізуге жүгінген.

Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді (175 пәтер) кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Базарқақпа т.а. Достық көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлерге (270 абонент) кәріз жүйесін жүргізу «Шабыт-21» ЖШС-і тарапынан ЖСҚ әзірленуде.

СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫНЫҢ КӨБЕЮІ — ДЕНІ САУ ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Бұл дегеніміз тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысады.

2024 жылы 47 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру және жеке секторда 18 мекен-жайда кешенді балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда. Қазіргі таңда 20-нысанда балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Қалған абаттандыруды қажет ететін 36 ауланы абаттандыру 2025 жылға жоспарлануда. Қазіргі таңда аудан аумағында 56 дана ашық спорт алаңшалары орналасқан.

2024 жылы 8 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарлануда. 2-нысанда жұмыстар басталды. 6-нысан бойынша мемлекеттік сатып алу іс-шарасы жүргізілуде. Ал Еңбекші ауданы әкімі аппараты тарапынан 2024 жылы 5 гүлзар салу жоспарлануда. Мердігер мекемелермен келісім шарттар түзіліп, жұмыстар қарқынды жүргізуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *