ҚАРАҚЫР АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ҚҰБЫРЫ ТАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Мақтааралда ғасырға жуқы тарихы бар Қарақыр ауылына көгілдір отынның құбыры тартылып жатыр. Бұйыртса келесі жылы көп ұлтты аймақ тұрғындары табиғи газға қол жеткізеді. Сөйтіп жылдар бойы көмір жағып, күл шығарып келген келіндер бұл қиындықтан да құтылады.

Қарақыр – аудандағы ең бірінші құрылған ауылдардың бірі. Кезінде мақташылар қоныстанған. Содан бері ауылда көгілдір отын болмаған. Жұрт тезек теріп, от жағып күнелтетін. Енді ауыл ішіне табиғи газ құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан әкімі халық алдына келіп есеп бергенде ауылдағы көгілдір отын мәселесі көтерілген еді. Уәдесінде тұрған аудан әкіміне алғысымыз шексіз дейді ауыл ақсақалдары.

«Шағын ғана ауылда бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Ынтымағы бекем. Рамис Махмудовтың ата-анасы 36 жылы көшіп келген. Қиналғанда қол ұшын созған қазақ бауырларға алғыстан басқа айтарым жоқ. Содан бері бір атаның баласындай болып кеттік. Бірлік пен татулықтың арқасында бір шаңырақ астында ынтымақта өмір сүріп келеміз»,- дейді ауыл биі.

Нұрлыбаев аулдық округіне қарасты 6 елді мекен бар. Халық саны 6 мыңнан асады. Сол елді мекендердегі 38 көшенің 85 пайызы біткен. Елі мекен халқы ауыз сумен толық қамтылған.барлық ауылдарға жарықшамдар орнатылған. Қазір Өркен ауылына да жарық қойылып жатыр. Осылайша ірге тасы қаланғанына жүз жылға жуықтаған ауылда коммуналдық мәселелер біртіңдеп шешімін тауып келеді.

Ауданда 69 елді мекен болса соның 45-і табиғи газбен қамтылған. Былтыр Иіржар ауылдық өкругіне қарасты 9 елді мекенге көгілдір отын берілген. Қалған ауылдарға құбыр тарту үшін жобалау құжаттамалары рәсімделіпті. Нәтижесінде биыл 9 елді мекенге газ тартылып жатыр. Тағы 10 ауылға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Аудан 2026 жылы толықтай көгілдір отынмен қамтылмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *