Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық шарасын қолдау және «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен 15 тамыз-15 қыркүйек аралығында «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы өтеді.
Осыған орай, Түркістан қаласындағы «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне өңірлік қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен эко-бақылау жұмыстары жүргізілді. Шара барысында кеңес мүшелері қорық музейдің жай күйін бақылап, тиісті ұсыныстарын айтты.
Жалпы республикалық акция шеңберінде туризм және тарихи-мәдени нысандарға эко-бақылау апталығы өтеді. Одан бөлек, абаттандыру саласында, оның ішінде жасыл желектерді суаруға, оларға күтім жасауға, жер қойнауын пайдалану нысандарына бақылау жүреді. Барлық апталықтарға қоғамдық кеңес мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, эко-волонтерлер қатысады.
«Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы 4 тақырыптық апта шеңберінде өткізілмек:
Туристік және тарихи-мәдени нысандардың эко-мониторингі апталығы (15-22 тамыз);
Абаттандыру, оның ішінде жасыл желектерді күту және суару саласындағы эко-мониторинг апталығы (23-30 тамыз);
Стихиялық полигондардың эко-мониторингі апталығы (31 тамыз-7 қыркүйек);
Жер қойнауын пайдалану объектілерінің эко-мониторингі апталығы (8-15 қыркүйек).
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі