БЕКЗАТ ЖАҚҚАН АЛАУ СӨНБЕЙДІ

Түркістандағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің атауы өзгермейді.


Әлеуметтік желіде Түркістандағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің аты ауысатын болыпты дегенге саятын алыпқашпа ақпарат тараған болатын.

Көптің талқысына түскен бұл мәселеге нүкте қойылды. Яғни, Түркістан қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің атауы өзгермейді!

Бұл жайлы Мәжіліс депутаты, кәсіпкер Айдарбек Ходжаназаров та әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады.

«Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мырзамен хабарластық… Бекзат Саттарханов ағамыздың атындағы спорт кешенінің аты ауыспайды. Өзгермейді, чемпионымыздың атында қала береді. Кешеден бері алаңдап жатқан ағайын үшін арнайы жазып отырмын», — деп жазды депутат.

Спорт кешені биыл қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *