Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.
Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиевтің төрағалығымен жиын өтті. Жиында Президент Жолдауында айтылған басымдықтар бойынша партияның өңірлік филиалы атқаруы керек жұмыстар айқындалды.
Түркістан облысында инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі міндеттердің іске асырылуы қаралды. Аграрлық салада Президент тапсырмасымен айқындалған мәселелерді қарастыруға партиялық ресурстарды жұмылдырудың мүмкіндіктері таразыланды. Оның ішінде қаржылық ұйымдар мен аграрлық құрылымдар арасында мақсатты несиелеу тетіктерін қалыптастыру бойынша өзара тиімді диалог алаңын ашу мүмкіндіктерін қарастыру қажет екені айтылды. Ағын су тапшылығын айқын сезініп жатқан өңірімізде су үнемдеу технологияларын енгізуде облыстық ауылшаруашылығы басқармасымен бірлескен іс-қимыл жүргізу міндеттері пысықталды.
Облыстағы білім беру, денсаулық сақтау, спорт нысандарының құрылысын бақылауда ұстау, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдауда белгіленген индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын үйлестіру мәселелері де сөз болып, алдағы жұмыс бағыттары белгіленді. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясындағы партиялық «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы әрі қарайда жүйелі жалғасын табатын болды.
і