ОРДАБАСЫ: 295 ҮЙ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ТОЛЫҒЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Қажымұқан ауыл округіндегі бірқатар құрылыс нысандарын аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты,-деп хабарлайды Bozyq.kz.

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Көктөбе ауылына барып, онда жүргізіліп жатқан табиғи газ жұмыстарын бақылады.

Қазіргі таңда, аталған елді мекеннің 13 шақырымына d 63 мм газ құбыры тартылған. Құрылыс жұмыстары аяқталғанда 1 932 тұрғын (295 үй) көгілдір отынмен толығымен қамтылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, аудан басшысы Темірлан ауылында жүргізіліп жатқан кәріз жүйесіне жауапты мердігерлермен кездесіп, арнайы белгіленген кәріз тазарту құрылғысын орнату алаңында болды. Сала мамандарына жан-жақты зерделеуді қажет ететінін айтып, жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.

Бұдан бөлек Темірлан ауылындағы орталық Қажымұқан көшесінде аяқ жол құрылыс жұмыстарымен танысып, жауапты мердігерлерге жұмысты ширату бойынша тапсырма берді.

Айта кетейік, Түркістан облысы елді мекендерді газдандыруда елімізде көш бастап тұр. Халық санымен есептегенде, 1 млн 750 мыңнан астам халық немесе облыс тұрғындарының 81,5% табиғи газбен қамтылған. Бұл еліміздегі жалпы көрсеткіштің 28,4 пайызы. Яғни, газбен қамтылған әрбір үшінші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан. Биыл 75 мың халық табиғи газбен қамтылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *