ШАРДАРАЛЫҚ ДИҚАНДАР КҮНБАҒЫС ӨНІМІН ЖИНАП ЖАТЫР

Түркістан облысы, Шардара ауданында тамшылатып суғару әдісімен күнбағыс өнімін еккен «ИІРЖАРАГРО»ЖШС-гі  жиын-терімді бастады,-деп хабарлайды Bozyq.kz. 

Жаушықұм ауылында орналасқан «ИІРЖАРАГРО» ЖШС-гі Түркиялық инвесторлармен бірге 500 гектар егістік алқабын игеріп отыр. Биыл  370 гектар жерге күнбағыс егіп, оны тамшылатып суғару әдісімен суаруды қолға алған.

Бұдан бөлек шаруақожалық басшылығы 100 гектардан астам аумаққа картоп егуді жоспарлап отыр. Онда 11 адамды тұрақты жұмыспен қамтыса, жұмыс ауқымына байланысты 20-30 адамға қосымша жұмыс беріп отыр.

«Алдағы уақытта мемлекет қолдауымен шаруақожалықты дамытып, зауыт ашуға да ниеттіміз. Бұл тамшылатып сурару дүниежүзі бойынша су тапшылығының алдын алатын және өнімділікті көбейтетін әдіс деп білемін»,- дейді «ИІРЖАРАГРО» ЖШС шаруақожалық өкілі Оразалы Шыршықбаев.

Алдағы уақытта зауыт ашуды жоспарлап отырған  «ИІРЖАРАГРО» ЖШС-гі  күнбағыс өнімін жинауға кірісті. Оған 23 ауылшаруашылығы техникасы жұмылдырылған. Диқандар күнбағыс өнімін іші экспорт нарығынан бастап, ҚХР, Түркия, Әзірбайжан шет мемлекерге де экспорттауды жоспарлайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *