“ТҰРАН СУ” МЕКЕМЕСІНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

 Түркістанда «Тұран су» мекемесінің басшысы Досхан Лесовтың есебі тыңдалды. Мекеме жұмысымен танысқан Дархан Сатыбалды су үнемдеу технологияларын енгізу, аймақтағы су нысандарын жөндеу, реттеу жұмыстарын күшейте түсуді тапсырды, деп хабарлайды Bozyq.kz.


– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы су нысандарын реттеу, су шаруашылығын тиімді жүргізу, каналдарды жөндеу жөнінде нақты тапсырма берді. Өңірде осы бағыттағы жұмыстар жалғасады. Су қоймаларды жөндеу, салу, каналдарды тазалау, жаңарту жұмыстары сапалы атқарылуы тиіс. Ағын су мәселесін шешіп, су үнемдеу технологияларын енгізу маңызды, – деп атап өтті Дархан Сатыбалды.

«Тұран су» мекемесінің басшысы Досхан Лесовтың айтуынша, 2024 жылға егістікке 817,4 млн. текше метр жоспарлы ағын су лимиті бекітіліп, бүгінгі таңда босатылған су көлемі 632,7 млн. текше метрді құраған.

-Экологиялық қажеттілікке 272,8 млн. текше метр су босатылып, жоспар 2,1 есе артығымен орындалды. Төлеби ауданындағы «Ащы» су қоймасын күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Кәсіпорынның меншігіндегі су нысандарына, атап айтқанда, «Рабат» су қоймасына «Сифон» қондырғысы және 10 дана жарықшам орнатылды. «Көкібел» су қоймасының төменгі жағына су фильтрациясын жою жұмыстары жүргізіліп, 8 жарықшам орнатылды. «Түркістан» және «Арыс» магистралды және ішкі шаруааралық каналдарына 82,7 шақырым механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Су үнемдеу технологиясын шығаратын кәсіпорындар желісі салынды- деді «Тұран су» мекемесінің басшысы Досхан Лесов.

Бүгінде мекеменің I категориялы лицензиясы, 3 өндірістік техникалық базасы, 85 арнайы техникасы бар. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен кәсіпорынды техникалық жарақтандыру бойынша кешенді шаралар атқарылды. Жалпы арнайы техника бөліп төлеу негізінде сатып алынды. Оның ішінде 41 экскаватор және 3 бульдозер, 2 жылжымалы вагон және өзге де техникалар бар. 

2024 жылы Ордабасы, Сауран, Қазығұрт, Шардара, Сайрам аудандарындағы 9 су нысанының 96 шақырымын күрделі жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда 58 шақырымы жөнделді. Нәтижесінде 15 391 гектар суармалы жердің сумен қамтамасыз етілу барысы жақсаруда.

Шардара ауданының 6 ауыл округінде ұзындығы 958 шақырымды құрайтын қашыртқылардың 1025 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары атқарылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *