Түркістан облысына 2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға енгізу жоспарланған. Бүгінде 32 мың гектардан астам алқапқа су шығынын азайту технологиялары енгізілуде. Жаңа жүйе суды 2 есе үнемдеп, өнімді 3 есе арттырады.
Су үнемдеу технологияларының қолжетімділігін арттыру бағытында еліміздегі ең алғашқы зауыт Түркістан облысында іске қосылды. Сауран ауданының Шаға ауылдық округіндегі өнеркәсіптік парк аймағында «BNK Group» БНК компаниясы америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен бірлесіп, «BNK IRRIGATION» сауда белгісімен айналмалы және фронтальды әрекет ететін жаңбырлатқыш машиналар өндірісін іске қосты.
Бұл Қазақстанда су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану үшін су шашыратқыш машиналардың толық циклін өндіруді жолға қоюға мүмкіндік беретін ірі және көп миллиардтық инвестициялық жоба. Бұдан бөлек, аталған «BNK Group» БНК кәсіпорнының жылына 50 мың га қамтитын және «Тұран су» мекемесі жанынан жылына 9 мың га қамтитын тамшылатып суғару қондырғыларын шығаратын 2 зауыт ашылады.
Тамшылатып суару жүйелерін шығаратын төртінші зауыт шетелдік инвестордың қолдауымен Отырар ауданында жүзеге аспақ. Ірі инвестор текстиль кластерін құру бойынша өңірге 440 млн. АҚШ долларын құюға дайын. Нәтижесінде 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Тамшылатып суару арқылы мақтаны егудің озық тәсілін егуде жергілікті диқандар тәжірибе алуда. Компания облыста Түркістан облысында ПВХ құбыр шығаратын зауыт, тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт, 2 мақта өңдеу зауытын, «Turan» арнайы экономикалық арнайы экономикалық аймағында жіп иіру фабрикалары мен бояу және әрлеу фабрикасын және тігін фабрикасы сияқты инвестициялық жобаларын іске қосуды жоспарлауда.
Түркістан облысында 2024-2027 жылдар аралығында өңір экономикасының дамуына тың серпін беретін 2,2 трлн. тг. 145 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Осы жылдың өзінде 62 жоба жоспарланып, бүгінгі күнге 24-і іске қосылды. Ауқымды жобалар толық іске асқанда 18 мың жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.