ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында Ядролық физика институты бас инженерінің орынбасары Асхат Бекбаев «Қазақстандағы атом саласын дамыту» тақырыбында семинар жиынын өткізді. Семинарға АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабынан «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішев, тағы да басқа өкілдер қатысты.

Жиынды ашқан Алтынсары Дүйсенбекұлы Мемлекет басшысының Жарлығымен 6 қазанда  Атом электр станциясын салу жөніндегі жалпыұлттық референдум өткізу белгіленгенін, әлемде қазір энергия тапшылығы болып жатқанын, экономикамызды көтеруде жаңа өндірістердің қажеттілігін, ол үшін көп энергияның керектігін айтып өтті. Осы тұрғыда Ядролық физика институты бас инженерінің орынбасары Асхат Қаусұлы Бекбаевтың АЭС туралы маңызды деректерді жеткізуге келіп отырған атап өтті. 

Асхан Қаусұлы атом электр станциясы туралы жан-жақты зерттеленген, талданған деректерге тоқталып, Қазақстанда атом саласын дамыту және АЭС салудағы әлемдік тәжірибелерге талдау жасады. Сондай-ақ, АЭС салу еліміздің әлеуметтік-экономикалық, техникалық әрі экономикалық дамуына зор үлес қосатынын да атап өтті. АЭС-тің экологиялық ахуалын сараптап, жылу және атом энергетикасының радиациялық фоны және химиялық ластағыштарын зерделеп берді. Олардың ішінде күкірт тотығының, азот тотығы, күйе, көмірқышқыл газы мен күлдің бүгінде ауамызды қаншалықты ластап жатқанынан ғылыми дәлелдемелермен тізбектеп берді.

Мәселен, жылу энергетикасынан жылына 300 мың тоннадан аса күл шығарылса (құрамында 400 тоннаға жуық уытты металл (күшән, кадмий, қорғасын, сынап), АЭС-тен ешқандай күл шықпайды. Тренер АЭС салудың әлемдік тәжірибесін де еске салды. Әлемде 415 ректор болса, бүгінде тағы 62-і салынып жатыр. 

Осы және өзге де маңызды ақпараттарды тыңдаған семинар қатысушылары, облыстық штаб мүшелері үгіт-насихат кезінде халыққа осынау мәліметтерді түсіндіретін болады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *