Сайрам ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті. Аудан әкімі Арман Сәбитовтің бастамасымен Ақсукент ауылы орталығында орналасқан «Дендросаябақта» сенбілік ұйымдастырылды.
Аталған аумақты көркейту және санитарлық тазалығын күтіп-ұстау жұмыстарына аудандағы басқарманың, аудан әкімдігінің, ауылдық округ әкімдіктерінің, дербес бөлімдердің, «Көрікті Сайрам» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері, Жастар Ресурстық Орталығының жастары, жалпы 1350-ден аса адам атсалысты.
Қоршаған ортаны қорғау, оның экологиялық тазалығын сақтау бағытында өткен сенбілікте «Дендросаябақ» аумағындағы қураған ағаш бұтақтарын қырқып, артық шөп-шаламдардан арылтты. Төңіректі бейберекет тасталған күл-қоқыстардан тазартты. Ағаш көшеттерінің түптерін қопсытып, суғарды. Олар осылайша, тұрғындардың саябақта тынығуына қолайлы жағдай қалыптастырды.
Айта кетейік, жалпыаудандық сенбілік жұмыстары аясында 4 техниканың көмегімен 12 тонна қоқыс арнайы аумаққа шығарылды.