ТАРИХИ ОРЫН ТАЗАРДЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен өткен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы бүгін Қазығүрт ауданындағы ортағасырлық сәулет өнерінің ескерткіші Ысмайыл ата кесенесінің аумағында өтті. Партияның аудандық филиалының үйлестіруімен өткен науқанға бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, аудан және аудан әкімдіктерінің жауапты өкілдері, жанашыр азаматтар, жастар ұйымдарының белсенділері күш біріктірді.

 

Тарихи және мәдени маңызға ие нысанның аумағында өткен ізгілікті іске партияның өңірлік филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Алтынсары Үмбетәлиев қатысты. Тазалық акциясына қатысушыларға ризашылығын білдірген Алтынсары Дүйсенбекұлы, Мемлекет басшысының кешегі Жолдауында еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту негізгі басымдық болып белгіленгенін айтып өтті. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы ұлтымызды ұйыстырған берекелі бастама болғандығына назар аударды.

Бірнеше тарихи-сәулеттік нысанды біріктіретін кешен аумағында аманаттық өкілдер, осы киелі орынға тағзым етіп келушілер үшін ыңғайлы жағдай жасауға барын салды. Кесене аумағындағы қураған ағаш бұталары мен шөптерді тазалап, жиналып қалған күл-қоқыстарды шығарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *