АЭС – БОЛАШАҚТЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ

Елде АЭС салу бойынша өңірлерде де халықтық штаб құрылғаны белгілі. Арыс қаласындағы АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб өкілдері медицина саласының қызметкерлерімен кездесті.
Онда штаб өкілдері Мемлекет басшысының халыққа Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндап, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Жиында штаб басшысы Бақтығали Ділдәбеков АЭС құрылысының маңызы мен қажеттін түсіндірді. Сонымен қатар АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын тілге тиек етті.

«Бүгінде Жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асуда. АЭС құрылысын жан-жақты зерттеген ғалымдар бірнеше саты қорғаныс қабатын қалыптастырған. Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді және болашақта электр тапшылығын шешудің бірден бір жолы болмақ», – деді Бақтығали Ділдәбеков.

Кездесуде медицина мекемесінің ұжымы толғандырған сауалдарын қойып, пікір алмасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *