АЭС 7 АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Атом электр станциялары  энергия өндірудің тиімді әрі экологиялық таза әдісі көрінеді.  Энергетик  емеспіз. Бірақ, энергетиктер  АЭС 7 артықшылығы барын айтады.

Біріншіден АЭС атомдық реакциялардың көмегімен өте көп энергия өндіреді. Атом ядроларын бөлу барысында бөлінген энергияның көлемі химиялық реакцияларда бөлінген энергияға қарағанда бірнеше миллион есе көп. Сондықтан АЭС салыстырмалы түрде аз отынмен үлкен мөлшерде энергия өндіре алады.

Екіншіден АЭС жұмыс істеген кезде көмірқышқыл газы және басқа парниктік газдардың шығарындылары минималды деңгейде болады. Бұл климаттың өзгеруіне қарсы күреске үлкен көмек көрсетеді. Себебі электр энергиясын өндіру кезінде көмір, мұнай немесе газ сияқты қазба отындары пайдаланылмайды.

Қазіргі заманғы АЭС-терде қауіпсіздік жүйелері өте жоғары деңгейде дамыған. Олар түрлі қауіптер мен апаттық жағдайларға қарсы тұру үшін көптеген қорғаныс механизмдеріне ие. Бұл жүйелер жылу шығару, қысымды бақылау, және реактордың автоматты түрде тоқтауын қамтамасыз етеді. Бұны үш деңіз.

Төртіншіден атом отынының ресурсы өте ұзақ мерзімге жетеді. Сонымен қатар, ядролық отынның қайта өңделуі арқылы пайдаланылған отынды қайтадан пайдалану мүмкіндігі бар, бұл оның ұзақ уақыт бойы энергия көзі ретінде пайдаланылуына мүмкіндік береді.

Бесіншіден АЭС-тер өндірілген энергия көлеміне қарағанда өте шағын аумақты қамтиды. Бұл әсіресе халықтың көп шоғырланған аймақтарында маңызды, өйткені олар үлкен кеңістікті қажет етпей, көп энергия өндіреді.

Алтыншы артықшылығы АЭС тұрақты энергия өндіруді қамтамасыз етеді, өйткені олар ауа-райына, күннің жарығына немесе басқа да сыртқы факторларға тәуелді емес. Бұл тұрақты әрі үздіксіз электр энергиясының жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Жетіншіден АЭС-тер ұзақ мерзімді перспективада экономикалық тұрғыдан тиімді болуы мүмкін, себебі олар көп мөлшерде энергия өндіреді және жұмыс істеу шығындары көбіне тұрақты болады. Бұдан басқа, олар жергілікті экономикаға жұмыс орындары мен инвестициялар әкеледі.

Бұл артықшылықтар АЭС-тің энергия өндіру саласындағы маңыздылығын көрсетеді.

«Атом электр станциясының құрылысы – бұл көптеген салалардың дамуын өзінің соңынан тартатын жоғары технологиялық процесс болып табылады. Оның пайдасы ғылым үшін, өнеркәсіп, кадрлар даярлау үшін де сөзсіз тиімді болмақ. Сонымен бірге атом электр станциясы — атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. Атом станциясының бір тиімді жері ауа-райы жағдайына қарамастан тәулік бойы қажетті электр энергиясын өндіре беретіндігінде. Адам капиталын дамытады»,-дейді қоғам белсендісі Сейдулла Кеңесбайұлы.

Қысқасы, Қазақстан үшін АЭС салудың тиімділігі бар деп айтуға болады.  Бірақ,  әрбір аспектіні терең зерттеп, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік салдарын мұқият бағалау керек.  Жүре қарайтын жоба емес.

Сонымен қатар, АЭС-тің артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере отырып, басқа энергия көздерімен үйлесімді түрде пайдаланудың жолдарын қарастыру  аса маңызды.

Нұрлан Әлімбаев, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *