СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Сырлы Созақ өңірінде «Таза Қазақстан» Республикалық аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Сенбілікке әкімдікке қарасты барлық мекеме қызметкерлері, ерікті жастар мен тұрғындар қатысты. Әр мекеме өздеріне бекітілген сектор аумағын абаттандыруға атсалысты. Бұған қоса аялдамаларды, ішкі көшелерді, саябақтар мен арық-атыздарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ бірқатар бөлім, мекеме қызметкерлері Түркістан бағытына шығар жол бойындағы “Жасыл белдеу” аумағына жұмылдырылды. “Жасыл белдеу” аумағындағы қоршауларды ретке келтіріп, арам шөптер оталды. Тал көшеттер суарылып, күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді.

Қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында қолға алынған “Таза Қазақстан” акциясы  Арыс қаласында да өз жалғасын тапты. Арыс қаласы Білім бөлімі»мемлекеттік мекемесіне қарасты «М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілікке шықты.

Мекеме қызметкерлері білім ошағына қарасты сыртқы аулаларды түгелдей тазартып шықты. Қыздар жуып-шаю, әктеу, тазалау секілді жұмыстармен айналысса, ерлер сыпыру, ағаштың түбін қопсыту, гүл отырғызатын орындарды әзірлеу сынды бірлескен жұмыстарды бір кісідей атқарды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *