«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы теңгеріміндегі 2р-1 каналының дамбасы ретке келтірілуде.
Шардара өндірістік бөлімшесінде сенімгерлік басқаруға алынған 2р-1 каналының дамбасын су шаю салдарынан Көксу ауыл округінің II-бөлімшесіне баратын қатынас жолдың дамбасына зақым келген болатын.
“Қазсушар” РМК Түркістан филиалы директоры Қазыбек Бедебаевтың арнайы тапсырмасы негізінде тиісті техникалар жолданып, 2100 м3 топырақ тасымалданып жолдың бұзылған дамбасы жөнделуде.
Аталған канал бойында жалпы шаруалардың 700 гектар егістік алқаптары орналасқан.