Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық эклологиялық акциясы қолға алынған болатын. Жетісай қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Экологиялық шараға Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов бастаған мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты. Тазалық шарасына қатысушылар өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізсе, көппәтерлі үйлердің іргелік жерлерінің шөптері шабылды, күл-қоқыстардан, жапырақтардан тазартылды.
Саябақтар мен көшелер, арық-атыздар, автокөлік жолдарының жиегі тазаланды. 250-ге жуық адам мен 11 техника жұмылдырылып, 25 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.