АЭС-ТІҢ ТИІМДІ ТҰСТАРЫ ТАРАЗЫЛАНДЫ

Түркістан облысында АЭС-тің тиімді тұстары таразыланды.  Халықтық штаб өкілдері  Н.Әбішев, З. Қамбарова, Е.Бекет, Б.Муталиев  Шардара ауданында болып, №16 колледж ұжымымен,  «Хамит» балық өңдеу зауытының қызметкерлерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 


Кездесу барысында штаб мүшелері АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету екенін жеткізді. Сондай-ақ, олар бүгінгі күні мемлекетімізде электр қуатының тапшылығы сезіліп жатқанын тілге тиек етіп, ал электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейтінін түсіндірді. 

”Атом электр станциялары қоршаған ортаны түтін газдары, күл, мұнай өнімдері бар ағынды сулар сияқты заттармен ластамайды. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі атом электр станцияларын пайдаланудың көп жылғы тәжірибесі олардың адамдарға және табиғатқа зиянын тигізбейтінін растайды. Ғалымдар ірі жылу электр станциясы аймағындағы жеке сәулелену дозалары атом электр станциясының жанындағы ұқсас дозадан 5-10 есе артық екенін эксперименталды түрде анықтады. Сондықтан ядролық энергия «жасыл» деп танылды. Бұл энергия көзі жаңартылатын энергия көздерімен салыстырғанда ең экологиялық таза болып табылады»,-деп атап өтті, штаб өкілдерін бастап барған облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әлмаханұлы. 

Сонымен қатар, басқосуда штаб өкілдері де мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында атап өткен АЭС құрылысын салу жөніндегі бастамасын қолдап, атом электр станциясының тиімді тұстарына тоқталды. Өз кезегінде кәсіпорын жұмысшылары мен колледж ұжымы өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *