Қазақстан тұрақты электр энергиясына деген қажеттіліктің 80% пайызын көмір арқылы алып келді. Қазір заман өзгерді. Электр энергиясын алу көздерінің даму векторы көміртексіз бағытқа ауысты. Әлемдік қаржы және кредит институттары енді қазба көздеріндегі энергетикаға инвестиция салмайды.
Қазір елдің энергетикалық жүйесін дамыту үшін сөзсіз атом электр станциялары перспективалы деп айтуға болады. Бірақ орта мерзімді перспективада көмір энергетикасын төмендетуге болмайды. Көмір энергетикасын толығымен «жасыл» генерация көздерімен алмастыру мүмкін емес. Біз жылу энергетикасын ескеретін болсақ, онда ЖЭК пайдасыз.
Қазақстанның энергетикалық жүйесінің дамуын модельдеу кезінде, шамасы, сол еуропалық сарапшылардың көзқарастарына толық сүйенудің қажеті жоқ. Себебі Қазақстанның энергетикалық жүйесінің климаттық жағдайлары, құрылымы мен ерекшеліктері еуропалықтармен бірдей емес. Сондықтан «көмір инесі» термині дұрыс емес. Осы тұста негізгі сұрақ туындайды – біз осы «инеден» қайда, қандай энергияға түскіміз келеді, ел экономикасының тұрақты дамуын, оның әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін қалай қамтамасыз етеміз?
Қазақстан энергетикасының өңірдің энергетикалық жүйесімен өзара байланысы туралы ұмытпауымыз керек. Республиканың энергетикасын дамытудың стратегиялары мен бағдарламаларын әзірлеу кезінде осы факторды да ескеру қажет.