АЭС ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ЖЕТКІЛІКТІ КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТ БАР

Қазақстан болашақ АЭС пайдалану үшін қажетті кадрға кенде емес. Елдің  жеткілікті кадрлық әлеует бар. Қазақстанның атом саласында 20 мыңнан астам адам, оның ішінде негізгі өндірістік персоналда 15 мың адам жұмыспен қамтылғанын ескеру қажет.

Сондай-ақ, көптеген мамандар ҚР Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институтында жұмыс істейді. Олар онда ондаған жылдар бойы атом реакторларын табысты пайдаланылып келеді. Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институтында ядролық энергетикалық қондырғылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында әлемдік деңгейдегі жұмыстар атқарылуда.

Егер атом саласы үшін білікті кадрларды даярлау туралы айтатын болсақ, онда 2010 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қазақстанның жоғары оқу орындарында дайындалған мамандар саны бойынша деректерді алға тартуға болады. Осы уақыт аралығында 2 193 бакалавр, 909 магистр және 135 доктор диплом алған. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап «Атом өнеркәсібі», «Атом ядросы және бөлшектер физикасы», «Техникалық физика. Атом электр станциялары мен қондырғылары», «Ядролық инженерия» мамандықтары бойынша 21 бакалавр, 12 магистр және бір маман дайындалды.

«ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК базасында жыл сайын 120-дан астам студент үшін практика ұйымдастырылады. Оқу-ақпараттық орталығында радиациялық қауіпсіздік саласындағы мамандарды бойынша дәріс беріледі.  Кадрларды даярлаудың ауқымды бағдарламасы Алматыдағы Ядролық физика институтында жүзеге асырылуда.  Ядролық физика институтында  ядролық қауіпсіздік бойынша оқу орталығы жұмыс істейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *