Шымкентте атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар тапсыру 5 қаңтардан басталады

2020 жылдан бастап отбасылық табыс ескерілместен 4 баласы бар отбасыларға 42 500 теңге, 5 балаға – 53 125 теңге, 6 балаға – 63 750 теңге, 7 және одан да көп балаларға 74 375 теңге төленеді. 2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек те беріледі. Ескере кететіні, мемлекет аталмыш жәрдемақыны тағайындауда отбасылық табысты мұқият есептеледі,- дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр.

Ербол Садыр — Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:
Бұл үшін еңбекке қабілетті отбасы мүшесіне жұмыс ұсынылады. Жұмыстан бас тартқан жағдайда, АӘК төлемі тұтас отбасы үшін тоқтатылады. Бала дүниеге келгенде берілетін жөргекпұл көлемі де артпақ.

Бірінші, екінші және үшінші бала үшін 100 766 теңге, төртінші балаға 167 076 теңге төленеді. Бұл нәрестелердің қажеттілігін өтеуге берілген ақша. 2020 жылы ең төменгі еңбекақы мөлшері 42 500 теңге көлемінде өзгеріссіз қалады. Ал, биылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңге мөлшерінде бекітілді. Зейнеткерлердің де қажеттілігі ескеріліп,
Мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері 5 пайызға артып отыр. Бұған дейін зейнеткерлердің ең аз дегені 16 839 теңге алса, 2020 жылдан бастап зейнетақының ең төменгі мөлшері 38 636 теңге болып бекітілген. Айта кетейік, Шымкентте атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар тапсыру 2020 жылдың 5 қаңтарында басталады. АӘК-ге өтініш білдіруші тегінің (фамилия) бірінші әрпі бойынша қабылданады. Ол үшін – жеке куәлік және өтініш берушінің банктен жеке есепшоты керек.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *