«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы теңгеріміндегі 2р-1 каналының дамбасы ретке келтірілуде.
«Қазсушар» РМК Түркістан филиалының Шардара өндірістік бөлімшесінде сенімгерлік басқаруға алынған 2р-1 каналының дамбасын су шаю салдарынан Көксу ауыл округінің II-бөлімшесіне баратын қатынас жолдың дамбасына зақым келген болатын. “Қазсушар” РМК Түркістан филиалы директоры Қазыбек Бедебаевтың арнайы тапсырмасы негізінде тиісті техникалар жолданып, 2100 м3 топырақ тасымалданып жолдың бұзылған дамбасы жөнделуде.
Аталған канал бойында жалпы шаруалардың 700 гектар егістік алқаптары орналасқан.
Сонымен қатар Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округінде су тасқынының алдын алу және егістік жерлердің мелиоративтік жағдайларын жақсарту үшін, «Жаңаталап» қашыртқысын механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, Сарыағаш ауданында 252,8 шақырымды құрайтын 68 бірлік су нысандарын механикалық тазалаудан өткізу жоспарланған. Осы жоспарға сәйкес бүгінде 106 шақырым су арналары тазалаудан өткізілген.