АРМАН АБДУЛЛАЕВ: ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСУҒА НИЕТТІ АЗАМАТТАРДЫ 2,5 % НЕСИЕМЕН ҚАМТУҒА БОЛАДЫ

Сарыағаш ауданында жүзім шаруашылығын дамыту бойынша семинар-кеңес өтті. Оған бірқатар шаруалар мен кәсіпкерлер қатысты. Аудан әкімі Арман Абдуллаев жүзім шаруашылығының маңыздылығына ерекше тоқталды. Әңгімені әріден бастады.

-Кеңес дәуірінде ауданымызда жүзім шаруашылығы қарқынды дамып, шарап зауыттарының жұмысының нәтижесінде экономикаға айтарлық серпін беріліп келген. Бүгінгі таңда ауданда 627,9 га жерде жүзім өсірілуде. Оның 379,0 га «Silk Alley» Винный завод» ЖШС қарасты шарап зауытына, ал 248,9 га ауданымыздағы ұсақ шаруашылықтарға тиесілі. Шикізаттың болмауына байланысты Жібек жолы ауылында орналасқан «Жетісу» ЖШС қарасты ірі шарап зауыты бүгінгі таңда жұмысын тоқтатып өз кезегінде ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық жағдайына кері әсерін тигізіп отыр. Ауданымыздың топырағы мен ауа-райы жеміс-жидек пен жүзімнен мол өнім алуға қолайлы. Жоғары агротехникалық шараларды қолдану нәтижесінде сапасы дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін өнім өндіруге болады.Қазіргі уақытта, ауданымызда ағын су жетіспеуіне байланысты игерілмей жатқан жерлерде тамшылатып суғару әдісін пайдалана отырып жүзім шаруашылығын жүргізуге мүмкіндік мол,- деді Арман Абдуллаев.

Арман Абдуллаев Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Ауыл аманаты» жобасы арқылы Дербісек, Қабланбек, Тегісшіл ауылдық округтерінде жүзім шаруашылығымен айналысуға ниетті азаматтарды 2,5 % несиемен қамтуға болатындығын атап өтті.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *