АЗАМАТТАР ҮШІН ЕШТЕҢЕ ӨЗГЕРМЕЙДІ, БІРДЕ-БІР ШАҚЫРТУ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Бүгін бірқатар БАҚ-та жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасының мазмұнын қате түсіндіру жарияланды.


Осыған байланысты біз түсіндіреміз: бұрынғыдай, 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы барлық пациенттер шақырту санатына қарамастан толық көлемде медициналық көмек алады.

Сонымен қатар, жеделдікті жақсарту үшін жұмыс уақытында шұғылдықтың IV санатындағы шақыртуларға қызмет көрсетуге медициналық-санитариялық алғашқы көмектің мобилдік бригадалары тартылатын болады.

Кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс күндері барлық санаттағы шақыртуларға жедел көмек бригадалары қызмет көрсететін болады.

Осылайша, азаматтар үшін ештеңе өзгермейді, бірде-бір шақырту назардан тыс қалмайды және пациенттерге қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы одан әрі жақсарады.

Айгерім Уразалиева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *