ТАРИХҚА ҚҰРМЕТ – ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын  «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын  қолға алған болатын. «AMANAT» партиясының бастамасымен жүйелі түрде жалғасып жатқан «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы қоғамды шын мәніндегі ізгілікті істерге жұмылдыратын берекелі бастамаға айналды.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберіндегі аманаттық өкілдердің «Таза бейсенбі» бастамасы, бүгін Түркістан облысында «Гауһар ана» тарихи-архитектуралық кешені аумағында өтті.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, Түркістан қалалық мәслихатының және қалалық партия филиалының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев бастаған азаматтар  тарихи-архитектуралық кешен  айналасын бей-берекет шашылған қоқыстан тазартып, қураған шөптер мен ағаш бұталарын жинады.

Айта кетейік, «Гауһар ана»  сәулеттік кешені бүгінгі күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының қарамағына өтіп, қорғауға алынған. Сондай-ақ, күні кеше Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысы қабылданып, «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығы мемлекеттік қорғаудағы объектіге жатқызылды. Бұл құжат тарихи мәні айрықша қастерлі орындарымызға деген қамқорлықты құқықтық негізде бекітіп, ұлттық құндылықтар жүйесін қайта жаңғыртуға мүмкіндік ашты.

«AMANAT» бастаған «Таза бейсенбі» осылайша тарихымызбен де табыстырып, Ұлы даланы ежелден мекен еткен көшпенділер өркениетін жаңа қырынан танытуға ұйытқы болып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *