Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала әкімдігінде тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Сенаторларға өтініштері мен ұсыныстарын айтып келген шымкенттіктердің басым көпшілігі тұрғын үй мен жұмыс мәселесін айтса, бірқатары жеке мәселелеріне қатысты болды.
Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жауап берген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорынан тек өз кезегімен берілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, тұрғын үймен және кез-келген көмекпен қамтамасыз ету тек Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орындалатынын атап өтті. Сонымен қатар, олар Елбасы мен Президенттің бастамасымен өткен 2019 жылы елімізде жұмысшы жастар мен көпбалалы отбасылар баспанамен қамтамасыз етілгенін жеткізді. Азаматтармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берген Сенаторлардың негізгі мақсаты: халықты толғандырған мәселелермен танысып, олардың оң шешімін табуға септігін тигізу.
Bozyq.kz