ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ШТАБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын сақтауға байланысты жедел әрекет ету штабының отырысын өткізді.Әлемдік экономиканың ағымдағы жағдайына байланысты Мемлекет басшысы жедел кеңес өткізіп, нақты тапсырмалар бергенін айтқан қала әкімі  Шымкенттегі сауда орталығына барып, тауарлардың бағасын қадағалады.

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов  азық-түлік қоймаларына барып, жағдайдың тұрақты болуын қамтамасыз етуді қатаң талап етті. Ең бастысы азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті тауарлар мен жанар-жағар май бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу қажеттігін айтты.«Бұл мәселе бойынша тұрғындардың алаңдауларына еш негіз жоқ. Азық-түлік қоймаларда жеткілікті. Десек те, біз тиісті жұмыстарды атқарып, ешқандай келеңсіздікке жол бермеуіміз керек», — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Әкім сала жетекшілеріне тауарлар мен қызметтер, тарифтер мен коммуналды қызметтер бағасын бақылап, еңбек нарығында тұрақтылықты сақтау және жағдайға мониторинг жасап отыруды жүктеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *