НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ

Облыс орталығында мәдениет үйі мен жаңа медициналық нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс орталығында бой көтеріп жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыс барысын пысықтады. Мердігерлермен кездесіп, бірқатар тапсырма жүктеді.

– Өңірдегі құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Сапа басты назарда болу керек. Әлеуметтік нысандардың құрылысын бекітілген кестеге сәйкес аяқтап, тапсырыңыздар. Жұмыс барысында кедергілер болмауы тиіс, – деді облыс әкімі.

Түркістан қаласында Оңалту орталығы бой көтерді. Нысанның құрылысы 2023 жылдың қыркүйек айында басталған болатын. Жаңа орталық қажетті жабдықтармен толық қамтылады. Мұнда балаларға арналған ойын алаңы да қарастырылған. Жаңа нысан жақында ел игілігіне берілмек.

Бұдан бөлек, облыс орталығында Мәдениет үйі салынуда. Ғимараттың жалпы ауданы – 10 мың шаршы метр. Құрылыс жұмыстарын биыл аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар облыс әкімі 570 төсек — орындық көпбейінді облыстық аурухана құрылысының барысымен танысты. Заманауи үлгіде салынып жатқан ғимаратта тұрғындардың ем алуына барлық жағдай жасалады. Өңір басшысы Түркістан облысында 2 млн-нан астам адам тұратынын, сондықтан жаңа әлеуметтік нысандарды іске қосу маңызды екенін атап өтті. Жұмыс қарқынын күшейтуді, құрылысқа сапалы материалдарды қолдануды тапсырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *