ШЫМКЕНТТЕ 13 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНАН ШЫҚТЫ

Бұл мәлімет Отбасының цифрлық картасы жүйесінен алынды. Аталған картада 84 өлшемшарт негізінде отбасыларды әл-ауқат деңгейі бағаланады.


Цифрлық картаның мәліметтері мемлекеттік органдар мен аудан әкімдеріне әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеуге, сондай-ақ өңірлердегі жағдайды талдауға көмектеседі.

Отбасының цифрлық картасындағы мәліметтері бойынша 2024 жылғы 1 тамызда «D» және «E» санаттары, яғни дағдарыс және мүшкіл санатындағы отбасылардың саны 81 091 отбасыны құраған еді. Жыл соңына дейін бұл санаттағы отбасыларды 5 пайызға (1 241 отбасыға) төмендету жоспары бекітілген болатын. Нәтижесінде, жыл соңына қарай бұл көрсеткіш 17,9 пайызға төмендеп, 13 241 отбасы дағдарыстан шығып, әлеуметтік тұрғыдан жақсарғаны белгілі болды.
2025 жылдан бастап, осы картаның деректері бойынша «D» және «E» санаттарындағы, яғни дағдарыс және мүшкіл жағдайдағы отбасылардың санын азайту мақсатында аудан әкімдіктерінің көрсеткіштері бағаланатын болады.

Осылайша аудан аудан әкімдері, тиісті мемлекеттік органдармен бірге, отбасыларды қиын немесе мүшкіл жағдайдағы (D, E) санаттардан жақсартылған санаттарға ауыстыру шараларын жүзеге асырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *