ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы Тұран шағын ауданында жаңа Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Жалпы ауданы 9 881,9 шаршы метрді құрайтын үш қабатты ғимарат бір ауысымда 500 оқушыны қабылдай алады.


талаптарға сай салынған жаңа нысанды аралаған қала әкімі өскелең ұрпақтың сапалы білім алып, саналы тәрбиеге қол жеткізуіне ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Сонымен қатар, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.

Жаңа қосымша білім беру мекемесінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Оқушыларға арналған нысанда бассейн, интерактивті кітапхана, керамика үйірмесі, 3D-модельдеу және Lego кабинеттері жұмыс істейді.

Биотехнологиялық және гуманитарлық блоктарда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған фотостудия, бейнестудия және журналистика үйірмелері орналасқан.

Жаңа Оқушылар сарайы – балалардың білім алуына, шығармашылықтарын шыңдауға және бос уақыттарын тиімді өткізуге арналған маңызды орталық болмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *