‘Тұрмыс’ жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

Шымкент қаласы аумағында 2025 жылдың қаңтар айының 20-29 күндері аралығында “Тұрмыс” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Басты мақсат — отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастарда жасалатын ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу, құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жағдайды тұрақтандыру.

Іс-шара барысында криминогендік жағдайды сауықтыру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында, Шымкент ҚПД Қаратау АПБ ЖПҚБ-нің қызметкерлерімен біршама жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда: спирттік ішімдіктерге әуес, отбасы-тұрмысы саласында құқық бұзушылықтар жасайтындар және тұрмысы нашар отбасылар мен тізімдік есепте тұрған азаматтарды, әкімшілік учаскелердегі пәтерлер мен аулаларда тексеру жұмыстары мен профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтіе қорғау басқармасы №3 арнаулы әлеуметтік дағдарыс орталығынан және “Ана үйі” қоғамдық қорынан қызмет алушы, яғни, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған азаматтармен кездесіп, олардың қазіргі қал-жағдайын сұрап, құқықтық көмек көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *