ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына сапары барысында өңірдегі ірі су қоймаларын тексерді. Алдымен тікұшақпен «Бөген», «Бәйдібек ата», «Шардара» су қоймаларына әуеден бақылау жүргізілді. Су деңгейі, жайылуы және толымдылығы зерделенді.
«Көксарай» су реттегішін реконструкциялау жұмыстары биыл басталады. «Шардара» су қоймасының толу көрсеткіші 85%-дан асып, құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталады. «Бөген» су қоймасы ескіргендіктен, күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынып, жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Ал «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы 2025 жылы толық аяқталады.
Қанат Бозымбаев су нысандарына қатысты ұсыныстар мен пікірлерді тыңдап, су тасқынына және вегетациялық кезеңге дайындықтың жоғары деңгейде болуы қажет екенін ескертті. Түркістан өңірінде бұл жұмыстар жалғасады.