СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Түркістанда көктемгі су тасқынына қарсы дайындық шаралары аясында “Көктем-2025” республикалық оқу-жаттығуы өтті.

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен өткен шарада су тасқыны қаупі бар аймақтардағы тұрғындарды эвакуациялау, төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою мәселелері пысықталды. “Дабыл-1001” сигналы бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқару штабы құрылып, азаматтық қорғау күштері мен басқару органдары жоғары дайындыққа келтірілді.

Сурет Түркістан қаласы әкімдігі  парақшасынан алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *