ІХ Қысқы Азия ойындарында, Харбин (Қытай) қаласында Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды.
Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы командалық сайыста чемпион атанды. Бұл сында еліміздің намысын Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов қорғады.
Шымкент қаласының спортшысы Шерзод Хаширбаев жұптық сайыста 97.92 ұпай жинап, тарихи жеңіске қол жеткізді. Бұл Қазақстан фристайл-акробатика тарихындағы ерлер арасындағы алғашқы алтын медаль болды.