БАЛЫҚТАН НӘСІП, ПАЙДАЛЫ КӘСІП

Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Шардара ауданындағы «Хамит» АӨК балық өндіру зауытын аралап, өндіріс барысымен танысты.

Бүгінде Түркістан облысы балық шаруашылығы бойынша көшбасшы болып табылады. 231 шаруа қожалығы тауарлы балық өсірумен айналысады, олардың 160-ы заңдастырылған. Облыс әкімінің тапсырмасымен балық өндірісін дамытуға бағытталған семинарлар мен инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде.

«Хамит» АӨК балық өндіру зауыты облыстағы ең ірі балық өңдейтін кәсіпорын болып табылады. Жылына 2 мың тонна балық өндіріп, Ресей, Италия, Бельгия, Англия елдеріне экспорттап отыр.   Зауытта 250 адам жұмыс істейді.  Орташа жалақы 120 мың теңге.

Облыс әкімі Шардара индустриалды аймағында орналасқан «Казкрахмал» ЖШС жүгері өнімін терең өңдеу зауытының құрылысымен танысты. Жылына 150 мың тонна жүгері өңдейтін кәсіпорынның өндірістік аймағы 35 гектарды құрайды. Салынған инвестиция көлемі 35 млрд. теңге.

Құрылысы қызу жүріп жатқан  зауытта крахмал, сірне, глютен сияқты өнімдер өндіріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *