ШЫМКЕНТ ЖОЛДАРЫ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ СЕРПІН ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ КӨЛІК ЖҮЙЕСІ
Шымкент қаласы инфрақұрылымды жаңарту мен көлік қатынасын оңтайландыру бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.
2024 жылы 59,5 шақырым жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары атқарылып, А-2 айналма жолы, Оңтүстік айналма жолы, Өтегенов көшесі және Қонаев даңғылының кезеңдері іске қосылды.
2025 жылы 40,8 шақырымды құрайтын 15 нысанда құрылыс жалғасады. Қалада 1 көпір, 6 көше күрделі жөндеуден өтіп, 304 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Жаяу жүргіншілер үшін 100 шақырым аяқжол жаңартылып, жаңа веложол мен серуен аймағы ашылды.
Қоғамдық көлік саласында электронды билеттендіру жүйесі енгізіліп, 43 жаңа бағдаршам орнатылды. Қаладағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында жарықтандырылған жол белгілері мен аялдамалар көбейтілді. 2025 жылы бұл жобалар одан әрі жалғасын табады.