САРЫАҒАШТЫҚ СПОРТШЫЛАР ТАШКЕНТТЕ ӨТКЕН «JUDO SPORT CLUBS CUP» ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Сарыағаштық спортшылар Ташкентте өткен «JUDO SPORT CLUBS CUP» турнирінде жүлдегер атанды.

Сарыағаш қаласының спортшылары Жанерке Үмбетәлі мен Айша Ташкенбай Өзбекстан Республикасының дзюдо федерациясы ұйымдастырған Ташкент қаласындағы жасөспірімдер арасындағы «JUDO SPORT CLUBS CUP» турнирінде жүлделі орындарға ие болды. Айша Ташкенбай 52 келі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алса, Жанерке Үмбетәлі 57 келі салмақта күміс медальді иеленді.

Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *