ҚАЛА ӘКІМІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Наурыз мейрамы Астана алаңында «Наурызнама» атты музыкалық-театрландырылған мерекелік қойылыммен басталып, көптеген қызықты іс-шаралар өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертті тамашалады.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мерекелік іс-шара барысында бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, сәбилерге ақ жол тілеп, ізгі тілегін білдірді.

Астана алаңында ұлттық мәдениетімізді дәріптейтін киіз үйлер тігіліп, этноауыл жасақталды. Мереке аясында қазақтың салт-дәстүрлерін таныстыратын және тарихымызды ұлықтайтын көрмелер қойылды.

Мерекелік думан барысында ертегі кейіпкерлері мен Шымкент цирк әртістері таңғажайып қойылымдар көрсетіп, ұлттық спорт ойындарының сайыстары ұйымдастырылды.

Кешкі сағат 20:00-де отандық және әлемдік танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт көпшілікке ұсынылатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *