КӨЛІК ҚҰРЫЛЫСЫ МАМАНДЫҒЫНА 700 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ

Үкімет қаулысымен “Көлік құрылысы” мамандығы былтырдан бастап “Құрылыс” факультеттерінде бөлек оқытылып жатыр.

Өйткені жолшы мамандары тапшы. Ал елдің транспорттық-логистикалық әлеуетін көтеру — стратегиялық міндет.


Осының мән-маңызын мектеп түлектеріне ұғындыру үшін Ұлттық сапа орталығы 18 өңірмен байланыс орнатты.

Бас директор Болатбек Айтбаев 3 мың оқушымен онлайн форматта кәсіби бағыт- бағдар берді.
Шымкент қаласынан 185 жас өрен бұл дәріске қатысты.


Көлік құрылысының қыр-сырын қай университеттерде меңгеруге болады? Талапкерлер қандай ұпаймен грантқа іліге алады? Студенттерге жол мекемелерінде іс-тәжірибеден қалай өтуге болады? Болашақ жолшыларға қандай мүмкіндік ашылады?

Болатбек Айтбаев оқушыларға елдің жол-көлік саласы жайында мол мағлұмат берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *