Ертай Алтаев тұрғындарды қабылдады

Түркістан облысының тұрғындарын жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен оның орынбасарлары халықтың үнін тыңдап, көтерілген мәселелерді тиімді шешу бағытында жұмыс атқаруда.

Бүгін «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті жеке қабылдау өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңір тұрғындарын қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, шешу жолдарын қарастырды.

Қабылдауға келген азаматтар түрлі мәселелерді көтерді. Олардың басым бөлігі мәдениет, ішкі саясат және спорт салаларына қатысты болды. Атап айтқанда, спорт кешені мен мәдениет ошағын салу, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, арнайы көрме ұйымдастыру сияқты ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар мәдениет үйіне қатысты түйткілдер де қозғалып, нақты ұсыныстар жеткізілді.

Облыс әкімінің орынбасары қабылдау барысында көтерілген әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты. Жауапты сала басшыларына мәселелерді жан-жақты зерделеп, нақты шешім қабылдауды тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *